Кітаптың басы , 5-бет
Қымбатты балақай!
Сені қазақ тілі әлеміне қызықты да танымды саяхат күтіп тұр! Осы саяхат барысында сен жаңа сөздер үйреніп, әріптер мен дыбыстарды танып, сөздер мен сөйлемдер құрауды меңгересің. Мәтіндерді оқып, олардың мазмұнын түсінесің, өз ойыңды ауызша және жазбаша жеткізуге дағдыланасың.
Сені қызықты тапсырмалар, түрлі жаттығулар мен танымдық ойындар күтеді. Оларды орындай отырып, қазақ тілінде дұрыс сөйлеп, сауатты жазуға үйренесің.
Қазақ тілін үйрену арқылы туған еліңнің тарихы мен мәдениетін танып, ана тіліңді құрметтеуді үйренесің.
Отанын сүйетін, елін құрметтейтін, білімді де адал азамат болып өсесің. Болашақта туған жеріңнің көркеюіне үлес қосып, таза, қауіпсіз әрі жарқын Қазақстанның қалыптасуына атсалысасың.
Ендеше, білім әлеміне саяхатыңды бастайық! Саған сәттілік тілейміз!